14 Тамыз, 2015

Жасөспірімдер жүрегіне тартқан жол

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

000 (14)

Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған «Мектепке жол» акциясы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына деген көмектің жарқын үлгісі іспетті. Игі бастама Ақмола өңірінде де мемлекеттік қамқорлықпен қатар, бұқаралық сипат алып жатқаны қуанышты.

Облыстық білім басқар­ма­сы­ның басшысы Балым Ізба­саро­ваның айтуынша, өткен жылы мұқтаж отбасылардың 6359 баласына бюджеттен 30 миллион теңге қаржы бөлініп, материалдық көмек көрсетілді. Сонымен бір­ге, әлеуметтік жағдайы төмен отба­сылардың 5197 баласына демеу­шілер тарапынан оқу құрал-жаб­дықтары мен киім-кешектер алып берілген. Биыл, алдын ала жасал­ған болжам бойынша, 10637 оқушыға материалдық көмек қажет. Оның ішінде 861 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Тамыз айы көңіл өсірерлік шаралармен басталды. Газетіміздің тілшілер қосынына күн сайын дерлік жақсы хабарлар түсіп жа­тыр. Оның алғашқысын «Акция­ны депутаттар бастады» де­ген атаумен жариялаған едік. Ха­лық қалаулылары белсенділігі әлі де төмендемеуде. Әсіресе, «Нұр Отан» партиясы Ақмола филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық» жобасы жұртшылық назарын аударғанын айтқымыз келеді. Ақмола облыс­­- тық және Көкшетау қалалық мәс­ли­хатының депутаттары қазір­дің өзінде үш дүркін қайырым­дылық кездесуін өткізді. Мәселен, партия филиалы ғимаратының алаңындағы салтанатқа жүзден астам адам жиналды. «Жас Отан» жастар қанатының, «Дос­тар» мәдениет сарайының және «Әу­лет» мектепке дейінгі оқыту орта­лығының концерттік бағдар­ла­масы қойылды. Бұл күні депутаттық фракция мүшелері 49 оқушыға 1 миллион теңгенің ақшалай сертификатын үлестірді. Игі істен Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, жерлес жазушы Жабал Ерғалиев те шет қалмай, үш отба­­сының қуанышын еселегені бала­­лар жа­н­ын жадыратты. Ал, облыс­­тық мәс­лихаттың депутаты Мұ­рат Темір­­жанов өз округіндегі 14 бала­ға қомақты сыйлықтар ұсынды. «Нұр Отан» партиясы об­- л­ыс­тық филиалы төрағасының орынбасары Ғалым Бекмағам­бетов, облыстық мәслихаттың депутаттары Сағынтай Елубаев, Серік Аяғанов, Елена Мащинская, олардың қалалық мәслихаттағы әріптестері Серік Кәкенов, Бауыр­жан Ғайса, Жанат Әбішов жұрт­шылықты қайырымдылық пен имандылыққа шақырса, көп балалы ана Наталья Никулина көпші­лік атынан алғысын білдірді. Мұндай шаралар облыстың бар­лық аудандары мен қала­ла­рын­да да өткізілді. Оған қатысқан 125 «Нұр Отандық» депутат 168 бүл­дір­шін­ге 3 миллион 485 мың теңге­нің материалдық көмегін көрсетті.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар