Зауыт қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық тәжірибе тартылған. Жергілікті мамандар шетелдік өндіріс алаңдарында арнайы оқудан өтіп, бұрандалы қосылыстарды кесу, Dopeless «майсыз» жабындысын жағу сияқты жоғары технологиялық операцияларды меңгерді. Бұл тәжірибе қазір Ақтауда толық көлемде қолданылып, өндірістік және басқарушылық процестерді жергілікті мамандар жүзеге асыра бастады.
Қазіргі таңда зауытта негізінен Маңғыстау өңірінің тұрғындары еңбек етеді. Бұл жоба халықаралық инвесторлардың тек өндіріс орнын ашуды ғана емес, жергілікті кадрлардың кәсіби деңгейін жетілдіруді де басты мақсатқа алғанын көрсетеді.
«Ақтау теңіз портына» 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Зауыт мұнай-газ саласына арналған премиум санаттағы құбыр өнімдерін өңдейді. Өнім диаметрі 114-тен 350 мм-ге дейінгі құбырларды қамтиды, ал жылдық өндірістік қуаты 40 мың тоннаға жетеді. Өңделетін құбырлардың басым бөлігі күкіртсутегіне төзімді жоғары технологиялық болаттан жасалған. Заманауи Dopeless технологиясы өндіріс тиімділігін арттырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Аталған жоба өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықаралық деңгейдегі өндірістік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады