Елорда • Бүгін, 17:03

Астана әкімдігі 1,36 трлн теңгені қайда жұмсайды?

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана қалалық мәслихатының 50-ші кезектен тыс сессиясында 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізілді. Сессияда 1,36 трлн теңге көлеміндегі қаржы қайда жұмсалатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әкімдігі 1,36 трлн теңгені қайда жұмсайды?

Фото: ашық дереккөз

newtimes.kz-тің мәлімдеуінше, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік сала, жылу-энергетика, электрмен жабдықтау, жауын су канализациясы, сумен жабдықтау, көлік инфрақұрылымы және қалалық орта сапасын жақсартуға жалпы 79,1 млрд теңге бағытталатынын айтқан. Сонымен қатар, нақты секторды дамытуға 42,6 млрд теңге бөлінген.

Инфрақұрылым және жолдарға 79,1 млрд теңге бөлінді

15,315 млрд теңге көлік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. Атап айтқанда №38 көшесін салу жұмыстары жалғасын табады. Бейсеков және Тілендиев көшелерінің қиылысында жол қиылыстары салынады. Ильинка поселкесінде жаңа жол салынады. Ұлы Дала көшесінің солтүстігінде және Шыңғыс Айтматов көшесінің шығысында көшелер бой түзейді. 9,111 млрд теңге – орташа ағымдағы жол жөндеуге жұмсалады.

Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды

Энергетика және ЖКХ-ға 23,7 млрд теңге

  • «Тельман» газбен жылыту станциясы және ТМ-14, ТМ-33 жылу магистральдарының құрылысын жалғастыру;
  • Бірқатар тарату қосалқы станцияларын салу;
  • Медициналық кластер объектілерін орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге көшіру:
  • Кирпичный, ЛПУ, Шұбар тұрғын массивтерін газдандыру (екінші кезең):
  • Сумен жабдықтау, кәріз және жауын су канализациясы желілерін салу:
  • 429 көшедегі КНС-тің екінші кезеңі:
  • Слободка ауданынан коллектор жүргізу;
  • Тұрғын үй массивтері мен Ильинка поселкесіндегі инженерлік желілер;
  • Қалдаяқова көшесі мен Ұлы Дала – Тұран ауданындағы инженерлік желілер мен тазалау құрылыстарын жалғастыру.

Әлеуметтік салаға 34,6 млрд теңге

  • 8 мектепке қосымша ғимараттарды аяқтау (№13, 72, 73, 82, 91, 79, 86, 27);
  • №80 мектепке қосымша құрылысты жалғастыру;
  • 4 жаңа мектеп салу;
  • 4 өрт бөлімін реконструкциялау;
  • Әлеуметтік жағынан осал топтарға және кезекте тұрғандарға тұрғын үй салу/сатып алу;
  • Сәндік гимнастика мектебіне қосымша ғимарат салуды жалғастыру;
  • №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасын салуды жалғастыру;
  • Алматы ауданында жедел жәрдем қосалқысын жобалау.

Астанада үлескерлерді алдаған тұрғын үй кешендеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Кәсіпкерлік пен бағаны тұрақтандыруға 4 млрд теңге

  • «Истер аймақ» бағдарламасы аясында шағын бизнеске несие беру;
  • Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.

Тұрғын үй және реновацияға 20 млрд теңге

  • Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы апатты жағдайдағы үйлерді қайта орналастыру және реновация жобаларын іске асыру.

Абаттандыруғаға 10,5 млрд теңге

  • Аудан әкімдіктеріне аула мен жерлерді абаттандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау.

Әлеуметтік міндеттемелерге 14,5 млрд теңге

  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету;
  • Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту;
  • Сирек ауруларға арналған дәрі-дәрмек сатып алу;
  • Санаторлық балалар бақшаларындағы тамақ;
  • Спорт мектептерін қаржыландыру және спортшыларды жарыстарға жіберу;

Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді

Білім беру және медицина

  • 6 мектеп пен 2 балабақшаны капиталды жөндеу басталмақ;
  • Медицина ұйымдарын заманауи диагностика құралдарымен жабдықтау (МРТ, сандық рентген);
  • 4 медициналық нысанды капиталды жөндеу және №2 көпсалалы аурухананы жөндеуді бастау.

Осылайша, 2026 жылға арналған Астананың бюджеті 1 трлн 360 млрд 833 млн теңге болды.

Соңғы жаңалықтар