Ауа райы • 01 Наурыз, 2026

1 наурызда Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz

1 наурызда Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?

Ұлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:

Маңғыстау облысы

• «Таушық – Шетпе» автожолы, 0-70-шақырым (Таушық – Шетпе учаскесі);
• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолы, 632-786-шақырым (Шетпе ауылы – Ақтау қаласы);
• «Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» автожолы, 0-58-шақырым (Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы);
• «Ақтау – Құрық» автожолы, 13-72-шақырым (Ақтау қаласы – Құрық ауылы).

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35