Әлем • Бүгін, 13:00

АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 наурыз күні Эквадор мен АҚШ әскери күштері Эквадор аумағында террористік ұйымдар деп танылған есірткі топтарына қарсы бірлескен операцияларды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады

Фото: Ашық дереккөз

Аталған операциялар аймақ тұрғындарына ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық, қорқыныш пен жемқорлық әкелген есірткі-топтарына қарсы батыл шара ретінде бағаланады. Тараптар қылмыстық құрылымдардың ықпалын әлсіретіп, қауіпсіздікті нығайтуды көздейді.

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды

АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы басшысы, теңіз жаяу әскерінің генералы Фрэнсис Л. Донован Эквадор қарулы күштерінің әрекетіне жоғары баға берді.

«Эквадор қарулы күштерінің ерлігі мен табандылығын жоғары бағалаймыз. Олар өз елінде есірткі топтарына қарсы күресте батылдық пен шешімділік танытып отыр», деді ол.

Бірлескен операциялар аймақтағы қауіпсіздікке төнген қатерді азайтуға және ұйымдасқан қылмысқа қарсы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.

Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды

Соңғы жаңалықтар