Фото: istockphoto.com
Жаңа қызметті «QazTrade» экспортты дамыту жөніндегі ұлттық оператор іске қосты. Ол Сауда және интеграция министрлігінің қарамағында жұмыс істейді.
Call-орталықтың негізгі мақсаты – сыртқы нарықта жұмыс істейтін отандық экспорттаушылардың мәселелерін дер кезінде анықтап, жедел шешуге көмектесу.
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты «жедел желі» нөмірлерін іске қосты
Экспорттаушылар бұл қызмет арқылы логистика, есеп айырысу, кедендік рәсімдер және сыртқы саудаға қатысты басқа да қиындықтар туралы хабарлай алады. Түскен барлық өтініштер тиісті мемлекеттік органдар мен даму институттарының қатысуымен қаралып, нақты шешімдер әзірленеді.
Министрліктің мәліметінше, сыртқы саудадағы жағдай тұрақты бақылауда. Қажет болған жағдайда экспорттық жеткізілімдерді сақтау үшін баламалы бағыттар мен жаңа нарықтар қарастырылмақ.
Алматы апорты экспортқа дайындалып жатыр: «QazTrade» пен өндірушілер меморандумға қол қойды