Фото: gov.kz
Тексеру барысында кәсіпкерлік нысандарының бірінде 20 шетел азаматы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзып, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүргені анықталды. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға қатысты жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
Сонымен қатар заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін кәсіпкерлік нысанның басшысы да жауапкершілікке тартылды.
Жалпы жүргізілген іс-шара барысында Қазақстан аумағына кіру, шығу және онда болу қағидаларын бұзу бойынша 100-ден астам дерек анықталды.
Министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады
Полиция шетел азаматтары мен оларды жұмысқа тартатын жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасын сақтау міндетті екенін еске салып отыр.