Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026

Өз ісінің маманы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелде жүрсе де, өзінің біліктілігін көрсетіп жүрген қазақ қызының бірі – Әсел Аяпова. Ол – АҚШ-тың «AES» корпорациясының энергетикаға арналған жаһандық дрондық иннова­циялық бағдарламасының директоры және Энергетикадағы дрондар мен роботтар халықаралық коалициясы­ның, Америкадағы «Women and Drones» қауымдастығы кеңесінің мүшесі қыз­метін атқарып келеді.

Өз ісінің маманы

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ол жетекшілік еткен бағдарлама АҚШ энергетикасы мен ғаламдық ұшқышсыз авиация саласында айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Соның нәтижесінде оның командасы «AUVSI Award 2018» халық­аралық сайысында екінші орынды, тағы бір сайыста үшінші орынды жеңіп алды.

 

Соңғы жаңалықтар