Желіге құлын байлап, бие сауған қазақтың қымызға қатысты өзіндік игі дәстүрлері бар. Солардың бірі – қымызмұрындық мерекесі. Таяуда Павлодарда ұлттық құндылықты дәріптейтін осынау шара кең көлемде аталып өтілді. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылған мерекеде 250 литрден астам қымыз ішілді. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық сусыннан дәм татып қана қоймай, қымыздың тарихы мен пайдасы туралы мол мағлұматтар алды.
Шара барысында облыстың Қашыр, Успен, Май және Павлодар аудандары мен Ақсу қаласының қымыз дайындаушылары саябақта арнайы киіз үйлер тігіп, келушілерге қызмет көрсетті. Әр киіз үйде қымызмұрындықтың тарихы, қымызға қатысты басқа да қызықты деректер айтылды.
Мерекеге қатысқан әр аудан 30 литрден қымыз алып келген. Ең көп өнім әкелген Төлеу Құшманова басшылық жасайтын «Сағып» шаруа қожалығы болды. Облыс бойынша ірі қымыз өндіруші болып саналатын бұл қожалық аталған мерекеге 100 литр өнім алып келді. Мұндай деректі осы шараның өтуіне басты мұрындық болған – Мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Бақытжамал Максилова жеткізді.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мәдени-танымдық бағдарламалар негізінде бірқатар игі істерді жүзеге асырды. Солардың қатарында Май ауданы өткізген кітап көрмесі де бар. Кітапханашы Ақмарал Нәжмиденованың сөзіне қарағанда, қымызға қатысты көне ұлттық дәстүрлер баяндалған 30-дан астам кітап халық назарына ұсынылған.
Алғаш рет қымызмұрындық мерекесі облыс орталығында осыдан бірнеше жыл бұрын ұйымдастырылған болатын. Сол кезде жергілікті әкімдік пен халық тарапынан қолдау тапқан шара бүгінде павлодарлықтардың дәстүрлі мерекесіне айналды.
Ерекше айтып өтетін жайт, Павлодар өңірінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер арасында қымыз дайындаушылардың қатары жыл сайын артып келеді. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, қазіргі таңда аймақта 110 мың жылқы бар.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29