Фото: Ашық дереккөзден
11 наурыз сағат 10:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағындағы тасжолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Ақтөбе облысы:
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» тасжолының 0-77 шақырым аралығы («Жайсан» өткізу пункті – «Эко Ойл» ЖҚС);
«Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет БӨП)» тасжолының 39-136 шақырымы аралығында (Ш. Қалдаяқов елді мекені – Әлімбет шекаралық өткізу пункті);
«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» тасжолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтақ кенті – Қостанай облысының шекарасы).
Қостанай облысы:
«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-549 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Қостанай қаласы);
«Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шекарасы» тасжолының 0-137 шақырым аралығы (Денисовка кенті – РФ шекарасы);
«Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка» автожолының 0-96 шақырым аралығы (Денисовка кенті – РФ шекарасы).
Аталған жол бөліктерін 12 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» тасжолының 595-781 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Сергеевка қаласы);
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тасжолының 429-534 шақырым аралығы (Чистополье ауылы – Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 440-595 шақырым аралығы (Державинск қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
Аталған жол бөліктерін 11 наурыз сағат 20:00-де ашу жоспарланған.