13 Шілде, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 690

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 3 шілде  Астана, Үкімет үйі “Ы.Алтынсариннің ескерткіші” республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру туралы “Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 38-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 118 “а” мекенжайы бойынша Ы.Алтынсарин мұражайының жанында орналасқан “Ы.Алтынсариннің ескерткіші” республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 118 А мекенжайы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың шағын бағына ауыстырылсын. 2. “Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде: реттік нөмірі 130-жолдың 4-бағанында “118 “а”, Ы.Алтынсарин мұражайының жаны” деген сөздер “118 А, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың шағын бағы” деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       К.МӘСІМОВ.