26 Ақпан, 2015

Еңбек ресурстарына – ерекше назар

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалығымен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мәселесі бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді, деп хабарлады   Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес барысында көші-қон процестерінің, ішкі көші-қон ағындарын бөлудің және еңбек ресурстарына деген ұсыныс пен сұраныстың теңгерімділігінің өзекті мәселелері талқыланды. Өңірлік экономикалық және көші-қон теңгерімсіздіктерін түзету мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде азаматтардың ұтқырлығын арттыру бойынша, сондай-ақ мемлекетіміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде білім инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар жария етілді. Кеңес қорытындысы бойынша Б. Сапарбаев мемлекеттік органдарға еңбек ресурстарының ішкі ұтқырлығын арттыруға және еңбек нарығының теңгерімсіздігін төмендетуге қатысты нақты тапсырмалар берді.