Фото: Алматы әкімдігі (архив)
Бүгін елордалық спорт кешенінде «Ұлы дала үні» шоу-мюзиклі өтеді. Сондай-ақ, сағат 13:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Алтын әже» республикалық байқауы ұйымдастырылады.
«Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында отандық дизайнерлердің ұлттық киім топтамалары көрсетіліп, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмыстары таныстырылады.
Ұлттық музейде «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» іс-шарасы, ал EXPO халықаралық көрме орталығында және «MEGA Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында «Қазақ халқының ұлттық киімі – ұлттың бет-бейнесі» атты театрландырылған бағдарлама өтеді.
Ұлттық киім күні аясында «Тұрандот» мейрамханасында қонақтарға ұлттық киім киген роботтар қызмет көрсетеді.
Қазақ ұлттық өнер университетінде «Ұлттық киім – ұлт айнасы» шығармашылық іс-шарасы жоспарланған.
«Damu Mall» сауда-ойын-сауық орталығында ұлттық киім көрмесі ұйымдастырылады.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұлттық киім тігуден шеберлік сабағы өткізіледі.
Айта кетейік, мерекенің құрметіне 18 наурыз күні елордада «Ұлттық киімдегі бір күн» челленджі басталады.