Президент • Бүгін, 20:25

Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ең алдымен Қазақстан және Түркия президенттері Ораза айт пен Наурыз мерекелеріне орай бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.

Түркия Президенті аталған оң өзгерістер Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты әрі батыл саясатының нәтижесі екенін атап өтіп, Негізгі заң Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуына, сондай-ақ ішкі және халықаралық әлеуетінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті түрік байқаушыларының референдумға белсенді атсалысқаны үшін алғыс айтып, мұны бауырлас әрі достас елдер қарым-қатынасының бір көрінісі ретінде бағалады.

Тазару күні: Президент азаматтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды

Режеп Тайип Ердоған биыл 14 мамырда Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына және осы сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне айрықша мән беретінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысының Астанада ұйымдастырылатын жоғары деңгейдегі келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестігіне тың серпін беру тұрғысынан аса маңызды деген пікірін құптады.

Сонымен қатар Түркістандағы түркітілдес елдер басшыларының саммитіне үлкен үмітпен қарайтынын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, қазақ халқы Түркия Президентін еліміздің төрінде қуана қарсы алады.

Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысын cәуірде Анталияда өтетін Дипломатиялық форум отырысына қатысуға шақырды.

Қазақстан Президенті шақыруды ықыласпен қабыл алды.

Соңғы жаңалықтар