Заң • Бүгін, 12:07

Шекарадан заңсыз өтпек болған 18 шетелдік ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл наурыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қон, контрабанда және есірткі заттарының таралуына қарсы бірқатар шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекарадан заңсыз өтпек болған 18 шетелдік ұсталды

фото: Ашық дереккөз

Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекет жасаған 18 шетел азаматы анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысында «синтетикалық есірткілерді» дайындауға арналған 5 100 литр прекурсордың ірі партиясы табылды. Жыл басынан бері жалпы 9 620 литр химиялық заттар («Тұз қышқылы», «Ацетон», «Фениппентан») және 1 000 кг «Бромкетон-4» затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы прекурсорларды алушылар анықталып, есірткі зертханалары жойылды.

Талдықорғанда зейнеткер 5 келіден астам есірткімен ұсталды

Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

 Шымкентте ірі есірткі зертханасы жойылды

Соңғы жаңалықтар