Сонымен қатар, алдағы күндері республиканың кей бөліктерінде жауын-шашын күтіледі. 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанған.
Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыс өңірлерде көктайғақ құбылыстары сақталады, бұл жол қозғалысына қосымша қауіп төндіруі мүмкін.
Ауа температурасы күндізгі уақытта өңірлер бойынша келесідей өзгереді:
- Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +15…+25°С;
- Солтүстік пен шығыста +10…+17°С;
- Орталық Қазақстанда +13…+24°С;
- Оңтүстік өңірде +21…+30°С;
- Оңтүстік-шығыс өңірде +18…+27°С;
- Таулы аймақтарда +10…+15°С.
Азаматтар ауа райы жағдайына байланысты сақтық шараларын ұстанып, жаңбыр мен көктайғаққа, сондай-ақ жолдағы қауіп-қатерге назар аударуы қажет.
Еске сала кетейік, 25 наурызда республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен орталықта көктайғақ болды.