Оның айтуынша, қазіргі таңда елде қауіпсіздік пен заманауи сапа талаптарына сай келетін қан қызметінің орталықтандырылған және стандартталған жүйесі қалыптасқан. Республика бойынша 19 қан қызметі ұйымы жұмыс істейді: оның ішінде 2 республикалық, 15 облыстық және 2 қалалық мекеме бар.
Қан компоненттерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін донор қанын екі кезеңді тексеру жүйесі енгізілген, сондай-ақ оны өңдеудің заманауи әдістері қолданылады. Инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікке бақылау күшейтілген.
Денсаулық сақтау министрлігі 2028 жылға дейінгі қан донорлығын дамыту жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл жоспар медициналық қызметтер тізбесін кеңейтуді, соның ішінде гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау бағыттарын қамтиды.
Сонымен қатар, 2026-2028 жылдарға арналған бюджет аясында донорларға берілетін тегін тамақтың ақшалай өтемақысын ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр.
Солтүстік Қазақстанда донор үш пациенттің өмірін сақтап қалды
Премьер-министр «Құрметті донор» ведомстволық наградасын қайта енгізу үшін төсбелгінің жаңа нобайы әзірленіп, тиісті заңнамалық өзгерістер дайындалғанын да атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор атанып, жалпы саны 250 мыңнан астам рет қан және оның компоненттерін тапсырады.