Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сценарий бойынша, қаражатты салғаннан кейін кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі. Бірақ ақшаны алу үшін комиссиялар, салықтар және «тексерістерді» төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін қаражатқа қол жеткізу бұғатталады.
Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы алу мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады. «Толығырақ» батырмасы «халық заңгері» деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі.
Чекті кассада қалдырмаңыз: Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Сонымен қатар алаяқтар Агенттік атынан жалған сайттар жасап, онда «жәбірленушілердің ақшасын қайтару» туралы ақпарат жариялаған.
«Сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнаманы толтыру сұралады (мысалы, «ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?» деген сұраққа жауап беру). Кейін жеке мәліметтер – аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта енгізіліп, «қайтару процесін бастау» батырмасын басу ұсынылады», деп түсіндірді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Бибігүл Жексенбай: Алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғау жүйесінде олқылықтар көп
Агенттік осы сипаттағы сайттар мен чаттар ақшаны иемденуге бағытталған жалған әрекет екенін хабарлап отыр.
Ал ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуға болады.