Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы
Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген мониторингтің барысында 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды.
Уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты. Сондай-ақ бірқатар субъект қызметін заңдастыруға дайын екенін білдіріп, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кіріскен. 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды.
Аида Балаева: Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады
Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша мынадай жүйелі бұзушылықтар анықталды:
• медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
• санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
• дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы;
• білікті медициналық персоналдың болмауы;
• шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.
Қазақстанда медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары бекітілді
Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 147 әкімшілік хаттама толтырылып, заң талаптарын ескермеген мекемелерге жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынған.