Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалуы қаралды. Басым міндеттердің бірі – дәрі-дәрмектерді нарыққа шығару мерзімін 3-5 жылдан 100 жұмыс күніне дейін қысқарту.
Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігі «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша композиттік мемлекеттік қызмет енгізіп жатыр. Бұл жүйе дәрі-дәрмектерді тіркеу мен сараптау процестерін біріктіреді.
Комиссия отырысында цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу және сатып алудың барлық негізгі тізбелеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды енгізу мәселесі талқыланды. Бұл халықтың инновациялық медицинаға қолжетімділігін арттыруға және технологиялар трансфертін жеделдетуге бағытталған.
Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады ма? Министрлік мониторинг деректерін жариялады
Жиында мобильді құрылғыларды Сәйкестендіру кодтарының базасына енгізу үшін верификациялау мәселесі де қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев заңнамалық деңгейде бұл рәсімді бекітудің маңызын атап өтті.
Бұл қадам тіркеу жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, цифрлық инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар электрондық құжат айналымы жүйелері нарығын дамыту және цифрлық секторда бәсекелестік ортаны қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Бұл шаралар цифрлық экономиканың тиімділігін арттыруға және жаңа ойыншылардың нарыққа шығуына жағдай жасауға бағытталған.
Отырыста Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тетігінің жұмысы да қаралды. Бұл механизм инвестиция тартуға, жаңа қуат көздерін іске қосуға және тарифтік жүктемені теңестіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ теміржолдағы кіреберіс жолдар саласындағы проблемаларды шешу мәселесі де талқыланды.
Енді азаматтар дәрі-дәрмек бағасын Naqty Onim арқылы тексере алады
Экономиканы ырықтандыру шаралары бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі энергетан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және басқа да қатысушылар пікір білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді:
-
Қаржы министрлігі: мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, сондай-ақ Қордың еншілес (тәуелді) компаниялары мен холдингтерін ескеріп, оны мерзімді өзектендіру жөніндегі нормативтік талапты белгілей отырып, Мемлекеттік мүлік тізілімін жаңартсын.
-
Ұлттық экономика министрлігі: БҚДА және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, монополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді қалыптастыру еркіндігін шектейтін нормаларды алып тастау жөнінде ұсыныстар енгізсін; жекешелендіру объектілері бойынша инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Жол карталарын бекітсін; Энергетика министрлігімен бірлесіп, ырықтандыру туралы Жарлықты ескере отырып, электр энергиясы мен коммуналдық қызметтерге қайталама субсидиялаудың күшін жою мерзімдерін синхрондау.
-
Денсаулық сақтау министрлігі: Бірыңғай дистрибьютордің сатып алу тізіміне және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды енгізу процестерін цифрландыруды жеделдету.
-
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі: мобильді құрылғыларды верификациялау бойынша заңнамалық өзгерістер қабылдасын. БҚДА-мен бірлесіп, электрондық құжат айналымына қатысушыларды іріктеу рәсімдерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырсын.
-
Ұлттық экономика министрлігі: табиғи монополия субъектілерін дербес айқындау үшін заңнамалық түзетулер қабылдасын.
-
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ БҚДА-мен бірлесіп, қорды сатып алу шеңберінде тәсілдерді жетілдіру жұмыстарын әрі қарай жалғастырсын.