АСТАНА. 27 наурыз. Қытайда Қазақстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырап, 2 адам мерт болды. Бұл туралы mail.ru хабарлады.
Бұдан бөлек, автобустағы 19 азамат түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бұлардың арасындағы 6 адамның жағдайы ауыр. Жапа шеккендердің дені Қазақстан азаматтары. Жол-көлік оқиғасы Қытай жерінде орын алған. Автобус осы елдің компаниясына тиесілі. Куәгерлердің сөзінше, автобус жолдың қарсы бетіне шығып, жеңіл машинамен соқтығысқан. Екі отандасымыз сол жерде қаза тапқан. Ал 19 адам Зимунай елді мекеніндегі ауруханаға жатқызылды. Арасында Қытайда білім алып жүрген студенттер де бар көрінеді. Зардап шеккендер автобус иелерінің әрекетіне наразы. Айтуларынша, көлік компаниясының өкілі ешбір аудармашысыз әлдебір құжаттарға жолаушылардың қолын қойғызбақ болып жүр екен.
Семей қаласының тұрғыны, жол апатынан зардап шегіуші Құрмангүл Оразбаева: «Күнде бір қағаздарды алып келіп қол қойыңдар деп мезі етті. Қытай тілін шала-шарпы білетін біреу оқып еді, онда «бар жауапкершілік жолаушыларға жүктеледі» деп жазылған екен. Біздің үкімет тарапынан жәрдем болса дейміз. Аудармашы мен заңгердің көмегі керек», дейді.
Айта кетейік, автобус Семейден Үрімшіге бағыт алған екен.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: mail.ru.
• 27 Наурыз, 2015
Қытайда жол апатынан еліміздің 2 азаматы қаза тапты

Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14
Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Хоккей • Бүгін, 16:42
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:35
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Спорт • Бүгін, 16:26
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:54