Экономика • Бүгін, 11:00

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетіп, негізгі драйверлер ретінде құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібі алға шықты. Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, қаңтар − наурыз айларында ІЖӨ-нің нақты өсімі 3% болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Фото: Үкімет, телеграм

Үкімет отырысында баяндама жасаған Азамат Әмрин мәліметінше, қызмет көрсету саласы 3,7%-ға өссе, нақты сектордағы өсім 2,1%-ды құрады. Бұл экономиканың әртарапты дамып келе жатқанын аңғартады.

Салалар бөлінісінде ең жоғары өсім құрылыс – 14,8%, көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу өнеркәсібі – 8,5% деңгейінде тіркелді. Бұл бағыттардағы қарқын ел экономикасының серпінді дамуына негіз болып отыр.

Шикізаттан дайын өнімге: Экономиканың жаңа моделі

Сыртқы саудада да оң үрдіс сақталған. Жылдың алғашқы екі айында тауар айналымы $21,7 млрд-қа жетіп, оның ішінде 2,4 млрд доллар оң сальдо қалыптасты.

«Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті, осылайша екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінің (2025 жылы – 11,9%) деңгейінен асып түсіп отыр. ІЖӨ-дегі мұнай секторының үлесі 2 есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болған болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түсті. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет, бұл «орташа табыс тұзағынан» шығуға мүмкіндік береді», деді Азамат Әмрин.

Жалпы, өңдеу секторын күшейту мен инфрақұрылымдық салаларды дамыту экономиканың сапалы өсіміне жол ашып, ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 11:00