Оқиға • Бүгін, 12:43

Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Instagram әлеуметтік желісі арқылы қосымша табыс табу сылтауымен 2000 доллар көлеміндегі сыйақы үшін қылмыс жасауға келіскен азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды

Тергеу материалдарына сәйкес, елорда тұрғыны үй ішінде адамдардың болғанына қарамастан, өз әрекетінің салдарын толық түсіне отырып, алдын ала дайындалған жанғыш құрылғыларды тұрғын үйге қарай лақтырған. Бұл әрекет азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Сот оны бөтеннің мүлкін қасақана жоюға оқталғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұған дейінгі өтелмеген соттылығын ескере отырып, сот түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді

Қала прокуратурасы әлеуметтік желілер арқылы ұсынылатын күмәнді қосымша табыс түріндегі заңсыз әрекеттерге қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Ведомство мұндай ұсыныстарға келісу тек құқықбұзушылыққа ғана емес, өзге азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар