Қазақ елі өзінің даму жолында тағы бір биікті бағындырды. Жиырма жылға жуық уақыт аралығындағы ерен еңбек ескерусіз кетпей Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 пайызы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ.
Осы жылдары біздің Үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік. ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл – еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне 5 халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар», – деп атап өтуі бұл қадамның Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп тұр.
Аталған ұйымға мүше болу арқылы еліміз экономикалық еркіндікке қол жеткізетіні анық. Яғни, халықаралық сауда-саттықтың іркіліссіз жүргізілуіне септігін тигізу үшін құрылған ұйымның басты қағидатына сәйкес әлемдік сауда жүйесі 5 ұстаным аясында өрістеуі тиіс. Яғни, ең біріншіден, саудада кемсітушілікке жол берілмейді. Демек, кез келген мемлекет келесі мемлекеттің экспорты мен импортына шектеу қоюға құқы жоқ. Екіншіден, ұйымға мүше мемлекеттерде сауда кедергілері, яғни екінші елден келетін импортқа қойылатын көлемдік шектеуі болмауы тиіс. Үшіншіден, шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгертілмейтініне кепілдік беруі шарт. Төртіншіден, халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыруы қажет. Ал соңғысы жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау керек.
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін қажет ететіндігі де даусыз. Бұл тұрғыда атқарылар жұмыс ауқымды. Ауқымды жұмысты еңсеруде Кәсіпкерлер палатасына артылатын жауапкершілік жүгі де жеңіл емес екендігі белгілі. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында шешімін күткен шаруа көп. Ол шаруалардың қатары ДСҰ-ға мүше болу арқылы артпаса азаймасы анық. Күнделікті жұмыс барысында біз мұндай проблемалармен жиі ұшырасудамыз. Ал ол проблемаларды шешу жолдарын қазір қарастырмасақ онда ел экономикасының дамуына үлкен тежеу жасайтынымыз сөзсіз.
Жалпы, кәсіпкерлердің құқын қорғау, олардың мүддесін білдіру тек кәсіпкерлер палатасына ғана тиісті іс болып қалмау керек. Бақуатты да бай мемлекетке айналғымыз келсе бұл мәселемен бірлесе күрескен абзал.
Қарлығаш АРАЛБЕКОВА,
Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.
Жамбыл облысы.

Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:00
2026 жылғы әлем чемпионаты: Үшінші ойын күні алаңға кімдер шығады?
Спорт • Бүгін, 16:36
Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады
Президент • Бүгін, 16:12
Шикізаттан – зауыттар мен егістікке: Қазақстан экономикасының жаңа даму моделі
Экономика • Бүгін, 15:58
Қызметтік иттің көмегі: Астанада жүргізушінің көлігінен есірткі табылды
Заң • Бүгін, 15:25
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды
Саясат • Бүгін, 14:29
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді
Саясат • Бүгін, 14:13
Таразда шетел азаматынан ірі көлемде есірткі тәркіленді
Заң • Бүгін, 13:55
Отандық «Qaitadan» фильмі халықаралық фестивальдің Гран-приін жеңіп алды
Руханият • Бүгін, 13:40
Елена Рыбакина Лондон турнирінен кейін Instagram парақшасын өшірді
Спорт • Бүгін, 13:20
Көк жүзіндегі алғашқы сынақ: 400-ден астам десантшы парашютпен секірді
Әскер • Бүгін, 12:55
Жылына 70 мың автокөлік: KIA зауыты өндірісті күшейтті
Экономика • Бүгін, 12:49
Қазақстанда қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізу жоспарланып отыр
Экономика • Бүгін, 12:06
Астана әуежайында туристерге арналған көлік карталары сатыла бастады
Қоғам • Бүгін, 11:40