Қоғам • Бүгін, 11:40

Жүргізушілерді даярлаудағы жаңа модель: Енді автомектептерге қандай талап қойылады?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мақұлданған заң жобасы бойынша жүргізушілерді даярлаумен айналысатын кәсіби бірлестіктер мен оқу ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылау енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Жүргізушілерді даярлаудағы жаңа модель: Енді автомектептерге қандай талап қойылады?

Фото: istockphoto.com

Заң жобасы бойынша автомектептерді реттеудің жаңа моделі ұсынылып отыр. Енді олардың қызметі арнайы тізілім арқылы рұқсат беру режиміне көшіріледі. Бұл қызмет көрсетушілерді нарыққа кіру кезінде бақылауды күшейтіп, материалдық-техникалық базаның ашықтығын, оқытушылар құрамының тексерілуін және ақпараттық жүйелер арқылы оқу процесінің қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ көлік жүргізушілерін даярлау саласын дамыту мәселелерінде кәсіби бірлестіктердің рөлі мен мәртебесі арта түспек.

Айта кетейік, Мәжіліс жол қауіпсіздігін күшейтуге және жеке деректерді қорғауды жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді жедел жәрдем мен автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді.

Соңғы жаңалықтар