Фото: Ашық дереккөз
Прокуратура мәліметінше, балабақша бухгалтері үш жыл бойы өз есепшотына және мекеме меңгерушісінің шотына артық жалақы аударып отырған. Сонымен қатар салықтар мен міндетті аударымдарға арналған қаражат та заңсыз пайдаланылған.
Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдер арқылы 146 млн теңгені жымқырған
«Салдарынан тәрбиелеу мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар ұзақ уақыт төленбеген.Тексеру нәтижесінде меңгеруші мен бухгалтердің есепшоттарына заңсыз түрде 42 миллион теңгеден астам қаржы аударылғаны анықталды», делінген Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарламасында.
230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды
Аталған факі бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Нұрболат АМАНБЕК