16 Шілде, 2010

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ЖӘНЕ САЙЛАУ ҮДЕРІСІ

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 12-15 шілде аралы­ғында Джакарта қаласында (Ин­до­незия) Азия елдерінің конститу­ция­лық соттары мен конституциялық бақылау органдары судьяларының “Сайлау үдерісін қамтамасыз ету­дегі конституциялық құқық” атты 7-конференциясы болып өтті. Оның жұмысына 24 елдің және екі халықаралық ұйымның өкілдері, солардың ішінде, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциялық Кеңе­сінің Төрағасы И.Рогов басшылық жасаушы қазақстандық делегация қатысты. Конференцияның ашы­луында Индонезия Республика­сы­ның Президенті Сусило Бамбанг Юдхойоно сөз сөйледі. Азия елде­рінің конституциялық соттары мен конституциялық бақылау орган­дары қауымдастығының құрылуы конференцияның маңызды іс-шараларының бірі болды. ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов “Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциялық Кеңе­сінің сайлау үдерісінде конститу­ция­лық заңдылықты қамтамасыз ету­дегі рөлі” тақырыбында баян­дама жасады. Конференция аясында ҚР КК Төрағасы Индонезия Конституция­лық Сотының Төрағасы М.Мах­фуд­пен кездесті. Кездесу бары­сын­да осы елдерде конституциялық заң­дылықты нығайту және конс­титуциялық юстиция органдары­ның ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланды. Жаңадан құрылған Қауымдастыққа ҚР Конституциялық Кеңесінің мүше болып кіруіне қатысты И.Рогов бұл мәселенің қазақстандық заңнамада белгіленген рәсімдерге сәйкес шешілетінін мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі.