Футбол • Бүгін, 16:30

Моуриньо корольдік клубқа қайта оралады: «Реал» екі жылдық келісімшарт ұсынды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалиялық әйгілі бапкер Жозе Моуриньо мадридтік «Реал Мадрид» клубымен келісімшартқа отыруға келісті. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Моуриньо корольдік клубқа қайта оралады: «Реал» екі жылдық келісімшарт ұсынды

Журналистің мәліметінше, бапкер клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қояды. Моуриньоның Мадридке оралуы туралы ресми хабарлама ай соңына дейін жарияланбақ.

«Барлық шарттар ауызша түрде келісілген», деп жазды Романо.

Португалиялық маман «Реалды» 2010-2013 жылдары жаттықтырған. Осы кезеңде ол командамен Испания кубогін жеңіп алып, «Барселонаның» Испания чемпионатындағы үш жылдық үстемдігін тоқтатты.

«Реал» соңғы екі жылда ішкі және еуропалық турнирлерде бірде-бір трофей жеңе алмаған. Ал соңғы уақытта клуб ойыншылары арасында дау-дамай көбейген.

Ал Моуриньо «Реалдан» кеткеннен кейін «Челси» клубымен Англия чемпионатын, сондай-ақ «Манчестер Юнайтед» сапында Англия кубогі мен Еуропа лигасын жеңіп алған. Еске сала кетейік, бұған дейін корольдік клубтың бұрынғы бапкері Хаби Алонсоның лондондық «Челси» клубының бапкері атанғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар