Оқиға • Бүгін, 09:10

Ақтөбеде футбол қақпасы баланың үстіне құлады

1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында футбол алаңындағы қақпа құлап, салдарынан бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде футбол қақпасы баланың үстіне құлады

Фото: aktobe_zello/Instagram

Оқиға 12-шағын аудандағы №45 үйдің ауласында болған. Жергілікті басылымдардың мәліметіне сәйкес, ойнап жүрген баланың үстіне бекітілмеген футбол қақпасы құлаған.

Салдарынан бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету фактісі тіркелді. Футбол алаңының салынуы мен оған қызмет көрсетуге қатысты ақпарат Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы анықталып жатыр», деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Ақтөбеде қоқыс жанынан жаңа туған нәресте табылды

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 1-сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар