АҚТӨБЕ. 28 ақпан. Ақтөбелік оқушылар республикалық байқаудан олжалы оралды. Бұл туралы «Ақтөбе» газеті хабарлады.
«Атадан мұра» қоғамдық қоры мен «Ұлан» газетінің ұйытқы болуымен өткен байқаудың мақсаты – балаларды әдебиетке, өнер мен білімге тәрбиелеу. Әсіресе, ұйымдастырушылар жас жеткіншектердің көркем шығармаларға құштарлығын арттыруға, мәнерлеп оқу мәдениетін қалыптастыруға және дәстүрлі ән мен күйді дәріптеуге ерекше көңіл бөлді. Байқау барысында көркемсөз, аспапта ойнау және дәстүрлі ән номинациялары бойынша өткен сайыста Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназияның үш бірдей оқушысы жеңіске жетті. 10-сынып оқушысы Жанель Мұратова көркемсөз оқу номинациясы бойынша драмалық шығармадан монолог оқу сайысында бас жүлде алды. Ал 8-сынып оқушылары Әлихан Аманбай мен Әлішер Бірман поэзия жанры бойынша көркемсөз оқудан 1-орын иеленді. Жеңімпаздар лайықты марапатталды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: «Ақтөбе» газеті.
Сурет: kaz.tengrinews.kz.
• 28 Ақпан, 2015
Ақтөбелік оқушылар республикалық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады
Олимпиада • Кеше
Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Елорда • Кеше
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Аймақтар • Кеше
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
Аймақтар • Кеше
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Ата заң • Кеше
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Кеше
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Кеше
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Кеше