АСТАНА. 19 тамыз. Өткен түнде УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесі басталды. Соның шеңберінде ойналған бес ойынның нәтижесі белгілі. Олардың арасында «Астана» – АПОЕЛ матчы да бар. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Елордалықтар өз алаңында өткізген алғашқы кездесуде Кипрден келген клубты 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голдың авторы – Бауыржан Жолшиев. Ол ойынның 13-минутында баспен қарсыластар қақпасын дәл көздеген болатын. Енді 26 тамызда қос команда АПОЕЛ-дің алаңында қарымта кездесу өткізеді. Чемпиондар лигасының топтық сайысына жолдама алу үшін «Астанаға» Кипрде тең ойнаса да жеткілікті.
Қалған төрт тартыстың нәтижелері төмендегідей:
БАТЭ (Борисов, Беларусь) – «Партизан» (Белград, Сербия) 1:0
Гол: Михаил Гордейчук 75.
«Лацио» (Рим, Италия) – «Байер» (Леверкузен, Германия) 1:0 (0:0)
Гол: Бальде Кейта 77.
«Манчестер Юнайтед» (Манчестер, Англия) – «Брюгге» (Брюгге, Бельгия) 3:1 (2:1)
Голдар: Мемфис Депай 13, 43, Маруан Феллайни 90+4 – Майкл Кэррик 8, автогол.
«Спортинг» (Лиссабон, Португалия) – ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 2:1 (1:1)
Голдар: Теофило Гутьеррес 12, Ислам Слимани 82 – Сейду Думбия 40.
Бұл командалардың да қарымта кездесулері 26 тамызда өтетінін айта кетейік.
Сонымен қатар, бүгін түнде плей-офф сынының қалған бес ойыны ойналады. Аталған матчтарда мына командалар күш сынасады:
«Скендербеу» (Корча, Албания) – «Динамо» (Загреб, Хорватия)
«Селтик» (Глазго, Шотландия) – «Мальме» (Мальме, Швеция)
«Базель» (Базель, Швейцария) – «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль)
«Рапид» (Вена, Австрия) – «Шахтер» (Донецк, Украина)
«Валенсия» (Валенсия, Испания) – Монако (Монако, Франция).
Жалпы, Чемпиондар лигасының топтық сайысында 32 команда ойнайтыны белгілі. Оның 22-сі тікелей жолдамаға ие болса, қалған 10 команда жоғарыдағы ойындардың нәтижесі бойынша анықталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: uefa.com.
• 19 Тамыз, 2015
Чемпиондар лигасы. Іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесі басталды

Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25