18 Шілде, 2010

“ЖАСЫЛ ЕЛ” БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАСТАР АУЫЛДАРДЫ КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАР ЫНТАМЕН КІРІСТІ

1544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден және орман заңнамасының бас­қа да бұзушылықтарынан күзету тиім­ділігін арттыру, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, молықтыру және елді мекендерді көгалдандыру мен көркейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру – “Жасыл ел” бағдарламасының басты мақсаты.Биылғы жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде Ақжол ауылдық аймағында барлығы 6 студент жұмыс істейді. Олар­дың құрамында жазғы демалысқа келген жастар мен студенттер, Ақжол мектебінің оқушысы бар. Алдағы уақытта жасыл желектерді суарып, саябақтың іші мен ауылдың ішін көң-қоқыстан тазартып, ағаштардың түптерін әктеу жоспар­ла­нуда. Ал, Қалқаман және Пограничник ауылдарында жазғы еңбек науқанына 9 еңбек сарбаздарынан 18 студент жұ­мылдырылған. Абаттандыру және көгал­дандыру жұмыстарын қолға алған сту­денттер мен жұмыссыз жастар қатарынан жасақталған отрядтар денешынықтыру және сауықтыру кешені мен мәдениет үйінің айналасында, “Даңқ” ескерткіші мен көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Өңіріміздің гүлденуіне үлес қосып, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жо­лын­да адал еңбек етуді мақсат еткен сту­денттер мен жастар өз міндеттеріне білек сыбана кірісті. Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА. Павлодар облысы,  Ақсу қаласы.
Соңғы жаңалықтар