Алматы мектептері жаңа оқу жылын ойдағыдай қарсы алуға дайын
– Алматы қаласындағы 202 мектептің 200-і жаңа 2015-2016 оқу жылын бастап жіберуге 100 пайыз дайын. Оқушылар оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілді әрі мектептерге оқулықтар 100 пайыз тегін жеткізілді,– дейді қалалық білім басқармасының басшысы Рахат Шимашева.
Таяуда сел жүрген Наурызбай ауданында болған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалыптасқан жағдайға байланысты аудандағы зардап шеккен мектептерге ерекше тоқталған. Оқу жылы басталатын күнге дейін селден зардап шеккен №187, №188, №192 мектептердегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, 1 қыркүйекте білім ордасы балаларды сабаққа ешбір алаңсыз қабылдауы тиіс екендігін міндеттеген.
Қазір үш мектепте де жаңа оқуы жылын лайықты қарсы алу жұмыстары тыңғылықты жүргізіліп жатыр. Бізбен әңгімесінде №192 мектептің директоры Сәуле Әділбекқызы былай деді:
– Селден соң мектеп ауласы балшық пен тасқа толған еді. Бүгінгі таңда олар тазаланып бітті. Тамыз айының 25-не дейін қалпына келтіру жұмысын толықтай аяқтаймыз деген сенімдеміз. Ертең келіп есік ашатын 930 оқушыны ойдағыдай қабылдауға әзірміз. Оның үстіне мектебіміз жаңа парталармен, оқулықтармен, сондай-ақ, компьютерлермен қамтамасыз етілді.
Тағы бір атап өтер жайт, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алатау ауданындағы №26 мектеп жанынан салынып жатқан 900 орынды қосалқы нысан мен Әуезов ауданының Қалқаман шағын ауданындағы №157 мектеп жанындағы қосалқы құрылыс оқу жылы аяқталғанға дейін пайдалануға беріледі.
Биылғы оқу жылы Алматының мектеп оқушылары мен ата-аналары үшін осындай ерекше жаңалықтарға толы.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
• 21 Тамыз, 2015
«Мектепке жол» акциясы: Оқулықтар жеткілікті, шәкірттер көңілді

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Қоғам • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:33
Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 10:25
«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді
Қоғам • Бүгін, 10:11
Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42