АСТАНА. 21 тамыз. Өткен түнде УЕФА Еуропа лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесі басталды. Осы сында ел намысын қорғап жүрген Алматының «Қайраты» сырт алаңда Францияның «Бордо» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын барысында алаң иелерінің басымдығы анық байқалды. Алғашқы минуттардан бастап қауіпті шабуылдар ұйымдастырған олар бірінші таймның ортасында есеп ашты. Кездесудің 27-минутында нәтижелі соққсымен көзге түскен ойыншы – Вахби Хазри. Үзіліске дейін осы есеп өзгерген жоқ.
Екінші тайм алма-кезек шабуылдармен басталды. Бұл ретте «Қайрат» сапынан Жерар Гоу, Сито Риера және Исаэльдердің белсенді қимылдағанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, қақпашы Владимир Плотниковтың шеберлігіне жанкүйерлер риза болды.
Матчтың соңғы 20 минуты тең жағдайда өрбіп, бордолықтар жеңіс есебін сақтап қалды.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 27 тамызда Алматыда өтеді.
УЕФА Еуропа лигасы. Іріктеу турнирінің плей-офф сатысы.
«Бордо» (Бордо, Франция) – «Қайрат» (Алматы, Қайрат) 1:0 (1:0)
20 тамыз. Бордо. «Нуво Стад де Бордо» стадионы.
Төрешілер: Арнольд Хантер, Ричард Стори, Гарет Икин (бәрі де – Солтүстік Ирландия).
«Бордо»: Жером Приор, Диего Контенто (Максим Пундж 14), Николя Паллуа, Седрик Ямбере, Фредерик Гильберт, Абду Траоре (Николя Морис-Беле 71), Андре Бийого Поко, Вахби Хазри, Диего Ролан (Энцо Кривелли 85), Анри Севе, Исаак Телин.
«Қайрат»: Владимир Плотников, Бруно Соарес, Марк Гурман, Ермек Қуантаев, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан (Сержиньо 68), Исаэл, Анатолий Тимощук (Тимур Рудосельский 90+3), Жерар Гоу, Сито Риера (Джордже Деспотович 83).
Гол: Вахби Хазри 27.
Ескертулер: Энцо Кривелли 89 – Бауыржан Исламхан 45, Сито Риера 79, Анатолий Тимощук 84.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sports.kz.
• 21 Тамыз, 2015
Еуропа лигасы. «Қайрат» Францияда «Бордоға» есе жіберді (видео)

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономика • Бүгін, 08:40
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Экономика • Бүгін, 08:35
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Үкімет • Бүгін, 08:32
Руханият • Бүгін, 08:30
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25
Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды
Саясат • Бүгін, 08:23
Тұрғындар түйткілін кім шешеді?
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді
Қазақстан • Бүгін, 08:17
Шайдоровтың кілемдегі шынайы бейнесі
Өнер • Бүгін, 08:15
Реформалардың мән-жайын түсіндірді
Саясат • Бүгін, 08:13
Спорт • Бүгін, 08:10