22 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №602

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 7 тамыз, Астана, Үкімет Үйі «Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 503 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі №503 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №44, 598-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.