31 Наурыз, 2015

Мақсатымыз – бейбітшілік пен жасампаздық

247 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасының  кітапханасында «Бейбітшілік пен жасампаздық үнқатысуы» атты Қазақстан мен Ресей зиялылары форумының мәжілісі өтті. ERA_4117 Іс-шараны «Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Прези­денті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің қол­дауымен «Қазақстан азаматтық альянсы», «Еуразиялық монито­ринг» талдамалық зерттеу­лер орталығы (Қазақстан Респуб­ликасы), «Север-Юг» саяси орталығы (Ресей Федерациясы), «Еуразиялық зерттеулер инсти­туты» даму қоры (Ресей Феде­рациясы) ұйымдастырды. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Ду­масының депутаттары, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының жетекшілері, академиялық қауымдастық, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы сарапшылары мен танымал қоғам және саяси қайраткерлері қатысты. Қазақстан Президенті Әкім­шілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев форум қатысушыларын құттықтап, сөз сөйледі. Жиынға қатысушылар атап өткендей, Қазақстанда жүргізіліп келе атқан мемлекеттік сараб­дал саясаттың арқасында тәуел­сіздік жылдары Қазақстан экономикалық қуатты, саяси тұрақты ел ретінде сәтті дамуда. Елде ұлтаралық және кон­фес­сияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты. Жыл сайын Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделі артып келеді. Сарапшылар Қазақстанның экономикалық қуатының қоры мол екенін атап өтті. Оған, ең алдымен, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты кепіл бола алады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын сарапшылар қауымдастығы посткеңестік кеңістіктегі, сонымен қатар, жаһандық көлемдегі ұзақмерзімдік жоспарлау аясындағы неғұрлым перспективалы жоба. «Нұрлы Жол» бағдарламасы келе жатқан дағдарыс жағдайында уақыттан оза отырып жұмыс істеудің жарқын мысалдарының бірі болып табылады», деді бұл жайында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дағы орталықтың  бас директоры Юлия Якушева. Сондай-ақ, Ресей Мемлекеттік дума­сының депутаты Андрей Туманов Нұрсұлтан Назарбаевтың бес инсти­туционалдық реформасы туралы ұсыныстарын ресейліктердің қызығу­шылықпен зерттегендіктерін, қазіргі уақытта нақ осы жолмен жүрудің дұрыс екендіктеріне көз жеткізгендіктерін айта келе «Біз де осындай әрекетке кіріскеніміз жөн болар. Өйткені, мен мұндағы әрбір тармақты өте зор ықыласпен оқып шықтым. Бұл реформалар біздің де қолайымызға келетіндей» деп атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар Қазақ­стан­ның үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы сәтті тәжірибесіне ерекше тоқталды. Жалпы, жиында «Қазақстан-2050» Стратегиясын одан әрі іске асыру Қазақстанға экономикасының даму қарқынын сақтап, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік береді деген ортақ пікір айтылды. Форумға қатысушылар зиялылар форумын құру туралы қарар қабылдады. Сондай-ақ, отырыс қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады. Қарарда былай деп атап көрсетіледі: Біз, ғылым, білім, мәдени қауым­дас­тық, азаматтық қоғам институттарының өкілдері Қазақстан мен Ресейдің тарихи қалыптасқан берік байланысын назарға алып, қазақстандық-ресейлік гуманитарлық-мәдени ынтымақтастық маңызды өзара тиімді әлеуетке ие деген нық сеніммен, мәдениет, білім, ғылым, ақпарат және бұқаралық коммуникация, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың маңыздылығын сезініп, мемлекеттеріміздің ұлттық дәстүрлерін, тілдері мен мәдениеттерін өзара байыту және еркін дамытудың жоғары маңыздылығын түсініп, бірлесіп күш салу арқылы барша еуразиялық кеңістікте экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуді, ұлт­аралық келісім мен тұрақтылықты қам­тамасыз етуге деген ұмтылыспен, тұрақты жұмыс істейтін пікір алмасу алаңы ретінде Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумын құру туралы шешім қабылдадық. Ал мәлімдемеде Қазақстанда ұлт­ара­лық және дінаралық келісімнің кере­мет үлгісі қалыптасқаны, Қазақ­станның халықаралық беделі жыл өткен сайын өсе түсіп келе жатқаны атап көрсетіледі. Сондай-ақ, ел эконо­ми­касының іргетасы берік екені, оған бірінші кезекте «Нұрлы Жол» Жаңа Эконо­микалық Саясаты оң ықпал етіп отыр­ғаны көлденең тартылады. Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен шағын және орта бизнесті қолдау бағытындағы оң тәжірибе де ерекше назар аударуды қажет ететініне екпін түсіріледі. Қысқасы, Қазақ елінің әлем мойын­даған жолмен ілгерілей беретініне сенім білдіріледі. «Егемен-ақпарат». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.