2015 жылғы 7 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 7 тамыздағы №611 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №1040 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №66, 937-құжат).
2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №68, 981-құжат).
3. «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі №1192 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №70, 1022-құжат).
4. «Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1765 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №7, 154-құжат).