2010 жылғы 14 шілде Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 146 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. “Қазақстан Республикасының аумағына қант және шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 146 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтардағы “Индустрия” деген сөз “Экономикалық даму” деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.