Олимпиада • Бүгін, 09:06

Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде Милан, Кортина-д’Ампеццо және Италияның солтүстігіндегі басқа да қалаларда біздің спортшылар спорттың екі түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?

Фото: Olympic.kz

Қазақстан уақыты бойынша 16:30-да ерлер арасында шаңғы жарысынан скиатлон сайысында Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков жүлделер үшін жарысқа шығады.

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?

Ал 18:05-те биатлоннан аралас эстафета жарысына Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Рақышева қатысады.

Ақ Олимпиада: Қазақстанның конькимен жүгірушілері үздік 10 спортшы қатарында

Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы өнер көрсетеді. Олар — биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, солтүстік қоссайыс, фристайл-могул, фристайл-акробатика, тау шаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау.

 Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?

Соңғы жаңалықтар