05 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы  №215

307 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
2014 жылғы 13 маусым Астана қаласы Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларын бекіту туралы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды; 4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 141 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4213 болып тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы № 109-110 (1089-1090) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен бекітілген Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау 2.Салыстырып тексеру таңбалары металл таңба, жез таңба, өздігінен желімделетін лейбл және пластикті пломба түрінде дайындалады. 3.Салыстырып тексеру таңбалары өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру аралығы бір жыл және одан көп болып белгіленген жағдайда пайдаланылатын жылдық және өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру аралығы ір жылдан кем болып белгіленген жағдайда пайдаланылатын тоқсандық болып бөлінеді. 4.Салыстырып тексеру таңбаларының бедерлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады және мынадай ақпараттарды қамтиды: 1) ҚР СТ 2.21-2007«ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарын сынау және типін бекіту тәртібі» ұлттық стандарт талаптарына сәйкес өлшем құралдарының типін бекіту белгісі; 2) мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе өлшеу құралдарына тексеру жүргізетін аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің (бұдан әрі – метрологиялық қызмет) шифры; 3) қолданылатын жылдың (тоқсанның) соңғы екі цифры; 4) бар болған жағдайда метрологиялық қызметте өлшеу құралдарын тексерудің жеке белгісі (металл және жез таңбалар үшін); 5) нөмірлік код (өздігінен желімделетінлейбл және пластикті пломба үшін). 5. Өлшеу құралдарының типін бекіту белгісінің қарпі, салыстырып тексеру таңбаларының бедері мен суретінің әріптері мен сандары МЕМСТ 26.008-85 «Ою әдісімен салынатын жазулардың қаріптері. Орындау мөлшерлері» мемлекетаралық стандартына сәйкес қолданылады. 6.Метрологиялық қызмет шифрын Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) береді және олқазақ немесе латын әліпбиінің әріптерімен белгіленетін екі белгіден тұрады. 7. Нөмірлік кодты МҒМО береді және ол жеті нысаннан (сандардың комбинациясы) тұрады. 8. Салыстырып тексеру таңбаларын қолдану жылын (тоқсанын) белгілеу үшін араб сандары пайдаланылады. 9. Өлшеу құралдарын тексерудің жеке белгісі қазақ немесе латын әліпбиіндегі әріптермен белгіленетін бір нысаннан тұрады. Салыстырып тексерушіде жеке белгі болмаған жағдайда ол МҒМО-мен беріледі. 10. Диаметрі кемінде 3,5 миллиметр металл таңбаны дайындау және онда толық ақпаратты орналастыру мүмкін болмаған кезде пайдалану құжаттарына толық ақпарат қамтылған өздігінен желімделетін лейблдер жабыстырылады. 11. Металл таңба МЕМСТ 1050-88 «Сұрыпты, калибрленген, сапалы көміртекті құрастырмалы болаттан жасалған арнайы жазықтық өңдірмесі бар илем. Жалпы техникалық талаптар», МЕМСТ 5950-2000 «Аспаптық легірленген болаттан жасалған шыбықтар, жолақтар және додалар» мемлекетаралық стандарттарына сәйкес болаттан жасалған өзекшелер түрінде дайындалады. 12. Жезді таңба тұтқадан және тікелей таңбаның өзінен тұрады. Тұтқа МЕМСТ 2208-07 «Жез фольга, таспалар, жолақтар, жаймалар және плиталар. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандартына сәйкес жез пластинадан, ал таңба жезден жасалады және диск сияқты болады. Таңба МЕМСТ 21930-76 «Металл құймадағы қалайы-қорғасын дәнекерлеулер. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандартына сәйкес тұтқамен дәнекерленіп жалғанады. 13. Өздігінен желімделетін лейблдердің және пластикалық пломбалардың кемінде алты қорғау дәрежесі болады. 14. Өздігінен желімделетін лейблдер полиэстерден (полиэфир үлдірден) жасалады, үлдірдің қосымша қорғаныс қабаты ретінде жасырын (латенді) металлдандырылған шағылыстырғыш қабаты бар полярлық кескіндер болады және ыстықтай өрнек салынған фольга түрінде салынады, салынатын қабаттардың қалыңдығы 5 микрометрден аспауы керек. Жасырын кескіндерді сәйкестендіру табиғи жарық түсіру кезінде циркулярлы поляроид арқылы жүзеге асырылады, яғни жарық түсірудің арнайы шарттарынсыз орындалады. 15. Пластик пломбалар МЕМСТ 16337-77 «Жоғары қысымды полиэтилен. Техникалық шарттар», МЕМСТ 16338-85 «Төмен қысымды полиэтилен. Техникалық шарттар», МЕМСТ 20282-86 «Жалпы тағайындалған полистирол. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандарттарына сәйкес мөлдір акрилден немесе полипропиленнен жасалады. Пластик пломбалар ультракүлгін түсті жарық беруәсері бар мөлдір, жасыл түсте дайындалады, нөмірлеу маркасы және логотип түрі – лазерлі. Пломбаның құлыптау механизмінің тұтастығын көзбен көріп бақылаудың абсолютті мүмкіндігін қамтамасыз ететін корпусы бар. Пломбаның арнайы материалы шымыр және сынғыш қасиетке ие және ол пломбаны қондырғаннан кейін корпусты бүлдірмей пломбаны ашуға мүмкіндік бермейді. Құлыптау түйінінде екі саңылаудың болуы пломбалайтын темір арқанның тұтастығы туралы нақты ақпаратты береді. Пломба материалы минус 80 0С бастап 120 0С дейінгі температура ауқымында өз қасиеттерін өзгертпейді және бағытталған температуралық ықпал ету кезінде пломбаны ашу мүмкіндігін жояды. Пломбаның ультракүлгін түсті жарық беру әсері бар, ол қиын және қараңғы жерлерде орналасқан пломбалау нысанына қол сұқпауды бақылауға мүмкіндік береді. Пластикалық пломбаның пломбалайтын темір арқан МЕМСТ 3067-88 «6 х 19 (1 + 6 + 12) + 1 х 19 (1 + 6 + 12) құрастырылымының ТК типті екеулеп есілген болат сымарқандары. Сортамент», МЕМСТ 9389-75 «Көміртекті серіппелі болат сымдар. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандарттарына сәйкес жасалады. 16. Салыстырып тексеру таңбаларын дайындауды МҒМО метрологиялық қызметтер берген өтінімдердің негізінде ұйымдастырады. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге құқығы бар аккредиттелген заңды тұлғалар еркін нысанда салыстырып тексеру таңбаларын қолдану жылы басталғанға дейін алты ай ішінде МҒМО-ға салыстырып тексеру таңбаларын дайындау үшін өтінім береді. Метрологиялық қызметтер бір жыл ішінде МҒМО-ға салыстырып тексеру таңбаларын дайындау үшін қосымша өтінім бере алады. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру құқығына қайта аккредиттелген метрологиялық қызметтер, аккредиттеу аттестатын алғаннан кейін МҒМО-ға салыстырып тексеру таңбаларын дайындау үшін өтінім береді. 3. Салыстырып тексеру таңбаларын сақтау 17. Салыстырып тексеру таңбаларын сақтау метрологиялық қызмет басшысының бұйрығымен тағайындалатын жауапты тұлғаға жүктеледі. Жауапты тұлға салыстырып тексеру таңбаларын беру және қабылдау журналын жүргізеді. 18. Салыстырып тексеру таңбалары мен журналдар жанбайтын шкафта сақталуға тиіс, оған жауапты тұлғаның рұқсаты болады. 19. Салыстырып тексеру таңбаларын есепке алу және олардың жай-күйін метрологиялық қызмет басшысы немесе маманы, метрологиялық қызметтің уәкілетті басшысы тоқсан сайын тексеріп отырады. Тексеру нәтижелері салыстырып тексеру таңбаларын беру және қабылдау журналына енгізіледі. 4. Салыстырып тексеру таңбаларын қолдану 20. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушіге салыстырып тексеру жұмыстары жүргізілетін уақытта металл және жез таңбалардың, өздігінен желімделетін лейблдердің және пластикалық пломбалардың қажетті саны беріледі. 21. Қолданылмай қалған металл және жез таңбалары, өздігінен желімделетін лейблдер және пластикалық пломбаларды жауапты тұлға салыстырып тексеру жұмыстарын аяқтағаннан кейін салыстырып тексеру таңбаларын беру және қабылдау журналына белгілеп қабылдайды. 22. Салыстырып тексеру таңбалары бүлінген жағдайда немесе олардың сақталу мерзімі аяқталғанда, метрологиялық қызмет оларды есептен шығаруды және жоюды жүзеге асырады. 23. Салыстырып тексеру таңбаларын салу әдістері: 1) соққылау (металл жәнежез таңбалар); 2) желімдеу (өздігінен желімделетінлейбл); 3) пломбалау (пластикті пломба). 24. Салыстырып тексеру таңбаларын салу тәсілін тексерілетін өлшем құралының мөлшеріне және құрастырылымына қарай таңдайды. 25. Жез таңба термометрлермен өлшеу ыдыстарын тексерудің оң нәтижелеріне көз жеткізу үшін пайдаланылады. Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларына қосымша Салыстырып тексеру таңбалары бедерлерінің нысаны 1. Металл таңбалардың бедерлері Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 14 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9582 болып енгізілді.