22 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №219

312 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындай туралы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудің басым бағыттары айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б.Батырқожа): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақ­стан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекші етуші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _________А.Мамытбеков 2015 жылғы 20 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _________Т.Дүйсенова 2015 жылғы 7 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________Б.Сұлтанов 2015 жылғы 22 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________Е.Досаев 2015 жылғы 19 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _________В.Школьник 2015 жылғы 5 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №219 бұйрығына қосымша Инновациялық гранттар берудің басым бағыттары 1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивті технологиялары. 2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивті технологиялар. 3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі, тамақ өнеркәсібіндегі және агрохимиядағы прогрессивті технологиялар. 4. Медицина өнеркәсіптегі және фармацевтика саласындағы прогрессивті технологиялар, биотехнологиялар, биоинженерия, гендік инженерия. 5. Химия және мұнай-химиясының прогрессивті технологиялары. 6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивті технологиялары. 7. Баламалы энергетика, жаңартылған энергия көздері. 8. Энергия тиімділігі технологиялары. 9. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 10. Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивті технологиялар. 11. Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар. 12. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыс саласының прогрессивті технологиялары. 13. Орауыш өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар. 14. Роботтық техника. 15. Нано және ғарыш технологиялары. 16. Энергетика. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11458 болып енгізілді.