Еліміздегі етек-жеңі жинақы шағын шаһарлардың ішінде келбетті көркімен бірден баурап алатын қала болса, ол – Зайсан. Сауыр тауының етегінде самаладай жарқырап жатқан Зайсан қаласының кіре берісінде Абай саябағы орналаспақ.
Таяуда аудандағы сапарымыздың аясында ұлы ақынның атындағы саябақ жобасымен таныстық. Оған тапсырыс беруші – Зайсан қаласының әкімдігі. Мердігері – жергілікті «СМУ Шығыс» ЖШС. Аталған жобаға жергілікті бюджеттен 64 млн. теңге қаржы бөлінді. Оған саябақ аумағында субұрқақ, гүлдер мен көгалдарды суару желілері, электр шамдары мен демалыс орындары орнатылады. Сондай-ақ, осы жерде ең үлкен нысан – Хан шатыр салынады. Ал саябақтың алдына ақынның мүсіні орналасады. Асық, бәйге, қыз қуу сынды қазақтың ұлттық құндылықтары шағын мүсіндік композициялармен көрініс табатын болады. Сонымен бірге, мұнда жоспар бойынша мұз айдыны, ролик тебуге арналған алаң, қазақтың ұлттық нақыштағы жәдігерлері мен бұйымдарын саудалауға арналған дүкен бой көтермек. Көркемдік үшін декоративті ағаштар отырғызылады. 25 адамды жұмыспен қамтып отырған құрылыс алаңында қызу жұмыс жүріп жатыр. Жұмыс күзде аяқталмақ.
– Қазіргі кезде саябақтың ішіндегі жолдар мен алаңқайларға тас төсеніштер төсеу және саябақ аумағын қоршау жұмыстары жүргізілді. Біздің мақсатымыз – Абай саябағы арқылы тәлімдік-тәрбиелік маңызы бар алаң құру. Бұл қаламызға келген қонақтар мен қала тұрғындарының сейілдеп, сергитін тамаша орындарының бірі болады деген ойдамыз, – деді аудандық сәулет-құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары және жолаушы көлігі бөлімінің басшысы Асхат Өтебаев.
Айта кеткен абзал, исі адамзатқа ортақ Абай хакімнің ұрпақтарының бірі – Күлзипа Исрайылқызы Зайсан қаласында тұрып, былтыр дүниеден өткен болатын. Осы орайда ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай салынып жатқан саябақтың бір бұрышында ақынның зайсандық ұрпағына да бір көрнекі ақпараттық орын беру жөніндегі ұсынысымызды жеткіздік.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25