«Ел бірлігі – ең асыл қасиет», деп Елбасымыз айтқандай, Қазақстан көптеген ұлттардың басын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған тұғырлы мекен. Иә, жас барыстай қуатты мемлекетіміз әлемге өзін танытып, дамудың қарышты қадамдарын жасаған серпінді ел ретінде мойындалып үлгерді. Ең бастысы, сүттей ұйыған ұлттар татулығының жарқын үлгісіне айналды. Қасиетті Әулие ата өңірі – ежелден достықтың киелі мекені. Жалпы, Жамбыл облысында сексеннен астам ұлттың өкілдері тұрады. Еліміздегі барлық азаматтардың құқықтары бірдей. Ұлттар арасындағы теңдік қана бізді діттеген мақсатымызға жеткізеді. Яғни, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айырықша жауапкершілік жүктелетіні сөзсіз.
Дана халқымыздың «Еркіндік қайда болса – елдік сонда, бірлік қайда болса – ерлік сонда» деген аталы сөзі бар, тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз татулық болса еліміз тарих төрінен табылары сөзсіз. Бүгінде біз – әлем мойындаған, әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрі бар елміз. Келісім жоқ жерде бірлік жоқ, ал, бірлік болмаса тірлік те жоқ. Қазақстанда ұлтаралық келісім ең жақсы үлгіде жүргізілуде. Сондықтан әлем елдері мемлекетімізден үлгі алуда, біз бұған қуанамыз. Елбасы айтқандай, айқын мақсатқа жетер жетістіктерімізді ортақ табыспен сәйкестендіріп, жұмыла жұмыс жасау әрбір қазақстандық үшін маңызды. Оны санамызға серік етіп, жүрегімізбен ұғынуымыз керек.
Тұрақтылық негізі – татулық. Ал татулық кез келген елді, халықты тек жақсылық пен ынтымаққа, келісімге жетелейді. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ. Ұлтаралық келісім мен берекеге бастар бірліктің арқасында экономикамыз қарыштап дамып, тұрмысымыз жылдан жылға жақсара түсуде.
Айжан ТУҒАНОВА,
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-тың Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары.
Жамбыл облысы.

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті
Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025
ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді
Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025