22 Шілде, 2010

НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

1113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Айтайын дегенім... Көшеде келе жатып, өткен-кет­кен әр түрлі жағдайларға ой жүгір­те­сің. Өйткені, бұл жәйттердің бар­лы­ғы да менің қоғамымда болып жатыр. Осы ортада өмір сүргендік­тен, көшедегі келеңсіздіктер мені де айналып кете алмақ емес. Қо­лы­ма қалам алуыма да осындай жәйт­тер себеп болды. Соның бас­ты­сы – адамдардың немқұрайдылығы. Елордадағы Бараев көшесі бойы­мен келе жатқан маршруттық автобус жүр­гі­зу­шісі бірден теже­гіш­ті басып, жо­лау­шыларды бір шай­қап алды. Жұрт­тың барлығы абыр-сабыр болды. Сөйтсек, автобус алдындағы жеңіл автокөлік иесі жаяу жүргінші қиып өткендіктен,  бір­ден теже­гіш­ке аяқ салған. Ар­ты­нан асығыс келе жатқан автобус жа­ңағы жеңіл көлікке жанай барып тоқтаған. Осылайша, екі жүргізуші бір-бірі­мен керісіп, не келісіп жатқанда, әлгі жол ережесін бұзған жаяу жүр­гі­нші жөніне кете барды. Қарап тұр­саңыз, жаяу жүргін­ші­лер­ге арнал­ған бағдаршам 10 метр жер­де ғана тұр. Сондай арнайы орын­дар­дан өтпей, жолды төте­сі­нен қия­мын деп қаншама адамның өмірі қиылғанына талай куә болдым. Тағы бір мысал келтірейін. Үне­мі қоғамдық көлікте жүретіндіктен, көзіме шағын ғана жарнама ілікті. Онда орысшасында “Все для будущее детям, скажи наркотикам НЕТ!” делінсе, қазақшасында “Бар­лығы балалар үшін, наша­қор­лықпен күрес ЖОҚ!” деп жазы­лып­ты. Бұл жерде нашақорлықпен күрес жоқтығы емес,  талайлардың соры болған сораға орын жоқтығы айтылып тұрған жоқ па. Осыдан-ақ мемлекеттік тілге деген немқұрай­дылықты көруге болады. Селқостық пен немқұрайдылық жеке отбасынан бастап, бүкіл мемлекеттің тағдырына теріс әсер берерін ескерсек, біз үшін осындай дертпен мықтап күресу уақыт талабы болуы тиіс. “Оян, қазақ!” деп ұрандатқан кешегі аталарымыз бізді осындай немқұрайдылықтан арылуға шақырса керек. Олай болса, бізге желпінетін, серпілетін кез келгені анық. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.