21 Мамыр, 2015

Мұнай экспорттаудан ел бюджетіне 130 миллиард теңге көлемде кіріс түсті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау облысынан шетел нарығына шыға­рылатын өнім көлемі аз емес. Әсіресе, шикізаттық мұнайға сұраныс арта түсуде. Мәселен, биылғы 4 айда мұнайды сыртқы нарыққа экспорттаудан ел бюджетіне 130 млрд. теңге көлемінде кіріс түсіпті. – Ағымдағы жылдың 4 айында Атырау облысынан шикі мұнайды сыртқа шығарудан мемлекет бюджетіне 130 млрд. теңге көлемінде кіріс түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артық. «Қара алтынның» үлесі экспорттың 99,6 пайызына дейін ұлғайды. Атырау өңірінен өндірілетін шикі мұнайды ірі көлемде сатып алушылар қатарында Италия, Нидерланд, Франция және Түркия бар. Мұнай экспорты Атырау өңірінен құбыр және теміржол көлігі арқылы Новороссийск, Тамань, Усть-Луга және Примор порттарына жеткізіліп, әрі қарай су көлігімен сатып алушы елдерге тасымалданады, – дейді Атырау облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне қарасты энергетикалық кеден бекетінің басшысы Ерлан Аменов. Қазіргі уақытта аталған кеден бекетінде мемлекеттік бюджетке аса көп көлемде кіріс түсіретін «Теңізшевройл», «Анако», «Матен Петролеум» серіктестіктері мен «КаспийНефть» акционерлік қоғамы секілді 40-қа жуық кәсіпорын ресімделген. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ.