Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов елімізге ресми сапармен келген Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде көлік инфрақұрылымы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы мәселелерді талқылады.
Қазақстан Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов Венгрия Үкiметі басшысына ресми сапармен елiмiзге келгені үшiн алғысын бiлдiрдi. «Осы сәттi пайдалана отырып, Венгрияға сапарым барысында менi жылы лебiзбен қарсы алғандарына ризашылығымды бiлдiргiм келедi. Бүгiнгi келiссөздердiң дәстүрлі саяси диалогтан өзгеше өткенiмен келiсемiн. Бүгiн Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен Премьер-министр Виктор Орбанның кездесуi барысында және үкiметаралық кездесулер нәтижесiнде өзара әрекеттестiк өте жоғары деңгейде аталды деген ойдамын. Бiздiң елдерiмiздің ынтымақтастығына сеп болар ортақ мәселелер өте көп. Венгрия – Еуропада орналасқан әрi ЕО-ға мүше мемлекет. Қазақстан – Азияда орналасқан, ЕАЭО мүшесi, әрi Қытайдың көршiсi. Бұл бiздiң елдерiмiз үшiн стратегиялық әріптестiк пен ынтымақтастықты ұйымдастыруға сеп болуы мүмкiн. Бүгiн болашақта жемiсiн көретiн iстер қолға алынды. Бұл жұмысымыздың нәтижесiне жақын уақытта көз жеткiзетiнiмiзге сенiмдiмiн», дедi К.Мәсiмов.
Ал Венгрия Премьер-министрі В.Орбан өз кезегінде «Бiздiң арамыздағы ынтымақтастық дәстүрлi әріптестік байланыстар шегiнен шығатынын айтқым келедi. Қазақстан Премьер-Министрiнің Венгрияға келуi бiзге үлкен әсер еттi. Оның сапары Қазақстан мен Венгрия арасындағы достық қатынастарға алып келдi. Бiз мұндай қатынастардың орнағанына өте қуаныштымыз және Қазақстанға қуана-қуана келемiз», дей келе, Венгрия мен Қазақстан арасында туыстық қатынастардың бар екенiн тiлге тиек еттi.
«Бiз Брюссельге барғанда онда өз туыстарымызды кездестiре алмаймыз. Ал Қазақстанға келгенде мұнда өз туысқандарымыздың бар екенiн жақсы сезiнемiз», деді Венгрия Үкіметінің басшысы. Осы ретте ол кездесуге Венгрияның 11 Үкiмет мүшесiнiң 6-уы келiп отырғанын атап өттi. В.Орбан, сондай-ақ, Қазақстан әлемнің ең жылдам дамушы мемлекеттерінің бірі екенін атап өтті. «Соңғы 20 жылда мұнда зор ілгерілеу жүзеге асты. Сондықтан, біз Қазақстанмен терең ынтымақтастықты дамытудың мақсаттылығына сенімдіміз», деді Венгрия Премьер-министрі.
«Қазақстан – әлемде тез дамып келе жатқан мемлекеттердiң бiрi. Соңғы 20 жылда ел күрделi өзгерiстерді бастан өткере отырып, даму үстінде. Сол себептi Қазақстанмен терең ынтымақтастық орнату маңызды деп есептеймiз», деп толықтырды сөзін В.Орбан.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Үкімет басшылары К.Мәсімов пен В.Орбан Қазақстан-Венгрия стратегиялық кеңесін құру туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Венгрияның Әділет министрі Ласло Трочани Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге қол қойды. Кәсіптік білім беру және оқыту саласындағы ынтымақтастық бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Венгрияның Ұлттық экономика министрі Михай Варга қол қойды. Ауыл шаруашылығы министрі Асылбек Мамытбеков пен Венгрияның Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрі Петер Сийярто ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру үшін бірлескен қор құру шарттары бойынша алдын-ала келісімге қол қойды.
Үкімет басшыларының келіссөздері нәтижесінде, сондай-ақ, мұнай, ядролық өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Сол сияқты, тараптар Астана мен Будапешт арасында тікелей әуе қатынасын ашу және Венгрияда оқитын қазақстандық студенттер санын арттыру жайында келісті. Оған қоса, Қазақстан Венгрия азаматтары үшiн визасыз режім орнатпақ, ал өз кезегiнде Венгрия бiздiң елдiң азаматтары үшiн бұл тәртiптi шенген режімi аясында жеңiлдетпек.
Кеше, сондай-ақ, Венгриядан келген делегацияның және қазақстандық бизнес өкілдерінің қатысуымен арнайы бизнес-форум өткен болатын. Екі елдің Үкімет басшылары түстен кейін осы бизнес-форумға қатысты. Бизнес-форумда да Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов елдер арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
«Бүгінгі бизнес-форум Қазақстан мен Венгрияның бизнес қоғамдастығы арасындағы өзара мүдделестікті білдіреді. Қазіргі уақытта ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін жақсы жағдай қалыптасып отырғанына сенімдімін», деді К.Мәсімов.
Үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстан экономикасының басымдығы әлемдік нарықтарда орын алып отырған энергия тасымалдаушылар құнының арзандауына байланысты экономиканы трансформациялау болатындығын баса айтты.
«Осыған байланысты біз мемлекеттік және жеке сектор есебінен қаржыландыру арқылы әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдарды дамытудамыз. Бұған қоса, біз инновацияға және алдыңғы қатарлы технологияларға баса мән бере отырып, индустрияландыру бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырудамыз. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру біздің басымдығымыз болмақ», деді Қазақстан Премьер-Министрі.
Кәрім Мәсімов, сондай-ақ, соңғы жылдары әлемдік қоғамдастықтың Орталық Азияға қызығушылығы артып келе жатқанын тілге тиек етті.
«Соңғы жылдары әлемдік қоғамдастық тарапынан біздің өңірге қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз. Біз көршілеріміз Ресеймен, Қытаймен, сонымен қатар, серіктестеріміз Еуропалық одақпен, АҚШ-пен жолға қойған дос пейілді, сындарлы қарым-қатынасымызды мақтан тұтамыз», деді ол.
Сонымен қатар, К.Мәсімов өңірдің ауқымды әлеуетін жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті жаңа ұлттық жобаны іске қосқанын, яғни Алматыны өңірлік қаржы орталығына айналдырғанын баса айтты.
«Қазақстан сіздердің қызметтеріңіз үшін, өңірдегі нарықтарға шығуларыңыз үшін өте ыңғайлы орналасқан», деді К.Мәсімов венгриялық әріптесіне қарата.
Виктор Орбан өз кезегінде Венгрия тарапы мақсатты түрде Қазақстанмен терең ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. «Біз мамырда өтетін Астана экономикалық форумына шақыру алдық. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне міндетті түрде қатысатын боламыз», деп қосты В. Орбан. Сондай-ақ, ол мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастық өте маңызды екенін атап өтті. «Будапеште Астананың аты берілген көше бар. Бізде қазақстандық студенттер білім алуда. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесінде Астанадан Венгрияға оқуға келетін студенттер саны 200-ге дейін артатын болады», деді В. Орбан. Сөзінің соңында ол Венгрия тарапынан келген делегацияның сапары табысты өткенін атап көрсетті.
Венгрия Премьер-министрi Виктор Орбан Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп есептейдi. «Бiз Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың арасында ешқандай қайшылықтарды көрiп тұрғанымыз жоқ. Бiз аталмыш одақтар арасында тығыз қарым-қатынас болғанын қалаймыз. Бiз Венгрия мен Қазақстанды Лиссабоннан Владивостокқа дейiн созылатын бiр одақтың аясында байланыстыруды құп көремiз», деді ол Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында.
Форумға екi жақтан шамамен 300-ге тарта кәсiпкер қатысты. Форумның қорытындысында да бiрқатар келiсiмдер мен меморандумдарға қол қойылды.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше