АСТАНА. 2 сәуір. АҚШ сенаторлары футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының Ресейде өтуіне қарсылық білдіріп, ФИФА-ға хат жолдады. Олардың мұндай қадамға баруына Украинадағы жағдай мен Қырым мәселесі себеп болған. Бұл туралы championat.com хабарлады.
ФИФА президенті Йозеф Блаттердің атына жазылған хатта: «Ресейдің әлем чемпионатын өткізуі президент Владимир Путиннің режимін одан сайын күшейте түседі. Ал шын мәнінде ол қазір өз істеріне жауап беруі тиіс», – делінген.
Хатқа 13 сенатор қол қойған. Олардың арасында АҚШ президенттігіне үміткер болған Джон Маккейн де бар. Хаттың бір көшірмесі АҚШ футбол федерациясына да жіберілген.
Айта кетейік, аталған әлем чемпионаты Ресейде 2018 жылдың 14 маусымы мен 15 шілдесі аралығында өтеді деп жоспарлануда. Доп додасы Ресейдің 11 қаласында өтпек. Солтүстік көршіміздің әлемдік мундиальды өткізетіні 2010 жылдың желтоқсан айында белгілі болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: championat.com.
Сурет: twitter.com.
• 02 Сәуір, 2015
АҚШ сенаторлары Ресейге қарсы ФИФА-ға хат жолдады

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше