21 Мамыр, 2015

Қарағандының бишілері Түркиядан жеңіспен оралды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21.05.2015-Bi jarus TurkiaҚАРАҒАНДЫ. 21 мамыр. Қаладағы №-3 гимназияның “Айтұмар» би ансамблі Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық «Алтын гунеш» байқауында 1 орынды иеленді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған би ансамблі осыдан екі жыл бұрын құрылған. Бүгінде 2-сыныптың оқушылары өнер көрсететін топ қалалық, облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Топ жетекшісі Бейбіткүл Мұқашева: «Мен шәкірттерімді 1-сыныпқа қабылданғаннан бастап биге үйреттіп. Өте талантты, ақылды қыздарым Анталияда өткен халықаралық жарыста ұлттық өнерімізді насихаттап, қазақ биін шетелдіктерге таныстырды. Төгілген тер мен тынымсыз дайындықтың арқасында шәкірттерім 1-орынды жеңіп алды. Мен өте қатты қуанып тұрмын»,–деді. Айта кетейік, ансамбл мүшелері жазғы демалыста топ жетекшісімен бірге елеміздің кейбір өңірлеріне іссапарлап өнерлерін халыққа көрсетуді жөн санап отыр. Айқын Несіпбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: newskaz.ru.