02 Сәуір, 2015

Алматыда араға екі күн салып, қайтадан қар жауды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-03-15-karrАЛМАТЫ. 2 сәуір. Алматыда қайтадан қар жауа бастады. Көктемнің екінші айындағы ауа райының тосын құбылысына қалалықтар аң-таң. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. Екі күн бұрын Алматыға соңғы үш жылда және қыс кезінде болмаған қар түскен. Қардың қала бойынша орташа қалыңдығы 35 сантимерге жетті, ол жылдық мөлшердің үштен біріне тең. Қалалық коммуналдық қызмет әуелде көшелер мен аулаларды, бақтарды, Алатауға тартқан жолдарды тазалауға 800 адам, 300 техника жұмылдырылғаны туралы мәлімет берді. Алматы табиғаты әдеттегідей қызық, бір күннің ішінде қаланың басты көшелері қайта құрғап шықты. Әрине, бұған коммуналшылырдың қосқан үлесі аз болмаған секілді. Өйткені, ери жауған ұлпа қар басылғанда тұрғындар Алматыдан 10 840 текше метр қар сыртқа шығарылғаны, оған 1 100 КамАЗ эквиваленті мен 1 200 адам қатысқаны туралы хабардар болды. Көшелерге 5 тонна хлор қосылған құм, 36 тонна тұз төгілген. Алматыдағы 548 мың көлік жүргізушінің қиналысын түсінуге болады: Наурыз мерекесінің жаймашуақ күндері көліктеріне жаздық шина ауыстырып үлгергендер онсыз да кептелістегі қала көшелерінде сақтана жүріп, жол жүру қозғалысын тіптен баяулатып жіберді. Ендігі мәселе, қала коммуналдық қызметінің қысқа арнаған резерві түгесіліп қалмаса болғаны, қазір Алматыда қайтадан, майдалап қар жауып тұр. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: еgemen.kz.