АТЫРАУ. 2 сәуір. Атырау облысының учаскелік полиция инспекторлары Жайық өзеніне батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды. Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқыс оқиға 22 наурыз күні сағат 16:30-дар шамасында Махамбет ауданында болған. Аудан орталығы – Махамбет селосының тұсында 64 жастағы ер адам Жайық өзеніндегі мұз үстімен өтпек болған. Алайда, мұз ойылып, зейнеткер суға бата бастаған. Дер кезінде әрекет еткен учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Ардақ Дошекенов пен полиция аға лейтенанты Ернар Бисембиев дереу көмек беруге ұмтылады. Сөйтіп, олар суға батып бара жатқан зейнеткердің қолына қосарлана жармасып, ажалдан арашалап қалды.
«Ардақ Дошекенов Алға ауылында, ал Ернар Бисембиев Ақжайық ауылында полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Өз істерін жауапкершілікпен атқарып келеді. Бұл жолы да олар қорғансыз жанды қиындықтан арашалап, ерлікке тән әрекетімен дараланды. Суға малшынған зейнеткерді қызметтік көлігімен ауруханаға әкеліп, алғашқы көмек көрсетілген соң үйіне жеткізді», дейді Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: kazvesti.kz.
• 02 Сәуір, 2015
Атырау полицейлері Жайыққа батқан зейнеткерді құтқарды

Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28
Жаһандық рейтингте елеулі орындамыз
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Ата заң жобасы туралы ғалымдар пікірі
Ата заң • Бүгін, 08:22
Ғылым • Бүгін, 08:20
21 шетелдік байқаушы аккредиттелді
Референдум • Бүгін, 08:17
Спорт • Бүгін, 08:15
Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»
Өндіріс • Бүгін, 08:12